Негізгі бет  /  мақалалар  /  Обама әжесімен бірге ас ішті

Обама әжесімен бірге ас ішті

Жолдасбек Дуанабай
1181
Обама әжесімен бірге ас ішті АҚШ президенті Барак Обама өзінің әжесімен және өзге де отбасы мүшелерімен бірге әкесінің отаны Кенияда кешкі ас ішті.

Reuters-тің хабарлауынша, Обама, оның әжесі, өгей әпкесі Аума Обама және бірнеше туған-туыстары америкалық президент тоқтаған Найроби отелінде бірге тамақтанған.
Бұдан бұрын кениялық әуежайда Обаманы елдің президенті Ухуру Кениата қарсы алғаны хабарланған болатын.  Америкалық көшбасшының сапарына орай Кенияда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
ҚазАқпарат