Негізгі бет  /  мақалалар  /  Құранның көне заманғы қолжазбасы табылды

Құранның көне заманғы қолжазбасы табылды

Жолдасбек Дуанабай
997
Құранның көне заманғы қолжазбасы табылды Бирмингем Университетінің қызметкерлері олардың кітапханасында сақталған Құран қолжазбасы парақтарының әлемдегі ең көне жазбалардың бірі екенін анықтады, деп хабарлайды BBC.

Зерттеушілердің айтуынша, олар радиокөміртек талдауы мұсылмандардың қасиетті кітабы парақтарының жасы 1300 жылдан асатынын көрсеткенде таңданыстарын жасырмады.
Бұл дегеніміз, көне заманғы қолжазбаны жасаған адамның теориялық жағынан Мұхаммед пайғамбармен кездесуі немесе оның уағыздарын тыңдауы мүмкін.
Қолжазба парақтарын Таяу Шығыстан әкелінген басқа мыңдаған көне құжаттармен бірге университетке 1920 жылдары тарихшы, Ирак тумасы Альфонс Мингана тапсырған болатын.

BNews.kz